🛫 ДЕМАЛЫС ЖАҚЫН: ШЕТЕЛГЕ САПАР АЛДЫНДА ҚАНДАЙ ЕКПЕЛЕР ҚАЖЕТ?

🛫 ДЕМАЛЫС ЖАҚЫН: ШЕТЕЛГЕ САПАР АЛДЫНДА ҚАНДАЙ ЕКПЕЛЕР ҚАЖЕТ?

Жазғы демалыс маусымы жақындап келеді, көпшілік сапар жоспарлап жатыр.
Дәрігерлер ескертеді: инфекциялардан қорғану үшін екпені алдын ала салдыру өте маңызды — ағзада иммунитет қалыптасып үлгеруі керек.

📌 Саяхат бағытына байланысты қажетті екпелер тізімі:

🦟 1. Сары безгек (желтая лихорадка)
Сапарға 1 ай қалғанда
📍 Африка, Орталық және Оңтүстік Америка
Маса арқылы жұғады, арнайы емі жоқ өте қауіпті вирус.

🌍 2. А гепатиті
Сапарға 2 апта қалғанда
📍 Африка, Азия, Латын Америкасы, Океания
Екінші дозасы — 6 айдан кейін.
«Лас қол ауруы» бауырды зақымдайды.

🌏 3. Іш сүзегі (брюшной тиф)
Сапарға 2 апта – 1 ай бұрын
📍 Африка, Азия, Латын Америкасы
Ауыр ішек инфекциясы, қатты уланумен өтеді.

🌲 4. Кене энцефалиті
Сапарға 2 апта бұрын (2 дозамен)
📍 Орманды, таулы аймақтар: Ресей, Қиыр Шығыс, Австрия, Чехия, сондай-ақ Қазақстанның эндемиялық аймақтары (Алматы, Алматы облысы, ШҚО, Ақмола облысы)
Жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті ауру.

🐾 5. Құтыру ауруының алдын алу
Сапарға 1 ай бұрын (1–7–21 күн схемасы)
📍 Экотуризм, жабайы табиғат
Ауру жазылмайды, тек алдын алуға болады.

🌴 Маңызды:
Малярияға қарсы вакцина жоқ.
✔ Профилактикалық дәрі-дәрмек қабылданады:
— сапарға 2 апта қалғанда басталады
— елге оралғаннан кейін 4 апта жалғасады

🏥 Екпелерді еліміздің мемлекеттік және ақылы егу кабинеттерінен алуға болады.

Біздің Instagram-ға жазылуға шақырамыз

Соңғы жаңалықтар, акциялар және арнайы ұсыныстар туралы біліп жүріңіз.

@almaz_medical_group