“Отбасында зорлық- зомбылықсыз Қазақстан”

21.05.26ж.күні сағат 16.00 де “Almaz Medical Group” ЖШС бастапқы медициналық- санитарлық көмек көрсету емханасының психологы Кеншинбекова Жанар Дүкенбайқызы Тараз қаласы Ұлы дала 146 мекен-жайда өткізілген “Отбасында зорлық- зомбылықсыз Қазақстан” Акциясы бойынша дөңгелек үстелге қатысты. Акцияның мақсаты: “Заң мен тәртіп”қағидасын жүзеге асыру, яғни отбасындағы жеке тұлғалар арасындағы конфликтінің алдын алу, балалар мен аналарды агрессорлардың зорлық- зомбылығынан қорғау. Іс-шараға психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қызметкерлері, дағдарыс орталығының қызметкерлері қамтылды. Зорлық- зомбылыққа ұшыраған тұлғаларға көрсетілетін әлеуметтік- психологиялық және заң аясында құқықтық көмектер туралы мамандар арасында кеңінен талқыланды. Агрессорлармен психокоррекциялық жұмыс жүргізу және зардап шеккен отбасы мүшелеріне жан- жақты қолдау көрсету күшейтілді

Біздің Instagram-ға жазылуға шақырамыз

Соңғы жаңалықтар, акциялар және арнайы ұсыныстар туралы біліп жүріңіз.

@almaz_medical_group