⁉️ МӘМС-ке қате немесе артық төленген жарналар мен аударымдарды қалай қайтаруға болады?

⁉️ МӘМС-ке қате немесе артық төленген жарналар мен аударымдарды қалай қайтаруға болады?

МӘМС жүйесіне қате немесе артық төленген жарналар мен аударымдарды қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа тиісті өтініш беру қажет.

Толтырылған өтінішті мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде немесе «Қазпошта» байланысы арқылы тапсыру қажет. Өтінішпен бірге төлемнің жүргізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса ұсыну міндетті.

📝 Егер сіз дербес төлеуші болсаңыз, өтініш үлгі бойынша толтырылады.

📝 Ал жұмыс беруші арқылы өтініш берілген жағдайда, қызметкердің қаражатын қайтаруға берген келісімі қоса тіркелуі тиіс.

Мемлекеттік корпорацияның мекен-жайлары мен өтініш үлгілерін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының https://msqory.kz/kk ресми сайтынан жүктеп алуға болады.

Қаражат өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.

Қаражатты қайтарудан бас тартатын кездер болады. Оның себептері:
- МӘМС жарналары бойынша бұрынғы төленбеген кезеңдер үшін берешек болса;
- құжаттарда мәліметтер дұрыс көрсетілмесе;
- өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмесе;
- дербес деректерді өңдеуге келісім болмаса.
Назар аударыңыз: МӘМС жүйесіне қате төленген немесе артық аударылған жарналар мен аударымдар басқа есептік кезеңдерге қайта есептелмейді, тек өтініш негізінде қайтарылады.

Приглашаем Вас подписаться на наш Instagram

Узнавайте о последних новинках, акциях
и специальных предложениях.

@almaz_medical_group